«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
Бүгін елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді.
Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртатынын атап өтті. Бұл биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Мәжіліс Спикері, Жалпыұлттық Коалиция Жетекшісі Ерлан Қошанов атап өткендей, Жаңа Конституция – шын мәнінде тарихи құжат. Онда ең алдымен адамға басымдық беріліп, мемлекеттің басты байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екені айқындалды. Бұл – Президент қолға алған ауқымд










